Шерзат Полаттың ісі бойынша үкім 5 маусымда шығады

Жаңалықтар

Бүгін сотталушылар соңғы сөздерін айтты .

Талғардағы қанды оқиға кезінде қаза болған 16 жастағы Шерзат Полаттың ісі бойынша үкім 5 маусымда оқылады.

"Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылғы 5 маусымда сағат 16.00-де жарияланатын болады", – деді судья Ержан Жанұзақов.


Оқи отырыңыз: Шерзат Полат ісі: Дархан Әскентай төбелестің басталуына Қаржаубай Нұрымовты айыптады


Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылғы 4 қазанда төбелес кезінде алған пышақ жарақатынан көз жұмды. Осы оқиға бойынша 11 адам ұсталды. Шамамен бір аптадан кейін Шерзаттың отбасы тұратын Азат ауылындағы үйі өртеніп кетті. Бас прокуратура бұл өрттің қасақана қойылғанын хабарлады.

21 қаңтарда тергеу аяқталды. Оның аясында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынды. Қылмыстық істің көлемі – 62 том.