Екі жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Албанияда ұсталды

Жаңалықтар

Албания астанасы Тиранада Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, 2023 жылы ер адам Алматы қаласында жеке мектеп ашып, жоғары оқу орындарына түсу үшін ақылы дайындық курстарын ұсыну арқылы 10 азаматты алдады. Жалпы шығын 10,5 млн теңгені құрады.

Оқи отырыңыз:

  • Қазақстанда суицид саны азайды ма?
  • «20 жылдан көп болса екен»: Шерзаттың анасының хаты оқылды

ІІМ алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзивті оқыту әдістері мен үздік оқытушылар құрамын ұсынатынын еске салады, — делінген мәліметте.

Алаяқтық курстардың негізгі белгілері:

  • лицензия мен ресми тіркеудің болмауы;
  • оқытушылар мен бағдарлама туралы ашық ақпарат жоқ;
  • келісімшартсыз толық төлемді талап ету;
  • тәуелсіз платформаларда ұсыным мен пікірлердің болмауы.