Павлодарда аса ірі көлемде есірткі заттарын контрабандалау ісі бойынша сот үкімі шығарылды.
Қырғыз Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы қарбыз жүгінің ішінде жасырылған тыйым салынған заттарды заңсыз өткізген. Тергеу нәтижесінде 59 килограммнан астам героин мен 10 килограмм гашиш тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Сотпен шетелдік азамат кінәлі деп танылды, және 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сонымен қатар сот Қазақстан Республикасының азаматын жоғарыда аталған ауыр қылмыс туралы алдын ала біле тұра, құқық қорғау органдарына хабарламағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.