Петропавл қаласының аумағында бүгінгі таңда туристерді тартатын 28 тарихи ескерткіш және демалыс орындары бар, деп жазады Egemen.kz.
Олар «Абылай ханның резиденциясы», «Ботаника бағы», әлемдегі ең ұзын жаяулар соқпақтарының бірі — «Қазақстан Конституциясы» көшесі, «Ботай» арт-галлереясы, «Жеңіс» паркы және кезінде Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаевтар қыдырыстаған орталық саябақ және т.б. «Қазақстан Конституциясы» көшесінің бойындағы ХІХ ғасыр құрылыстары да саяхатшылардың көзін тартады.
Сонымен бірге қала төңірегінде ақ қайыңдар мен сұлу қарағайлы ормандар арасындағы «Green Wood», «Сосновый бор» және «Қызылжар» демалыс орындары бар. «Қарғалы аралындағы» демалыс орындары да тұрғындарды қызығып баратын орындары. Бүгінгі таңда тәуліктік 12 барн-хаус, кәуәп пісіріп, дем алуға арналған кабиналар легі көбейіп келеді.
ПЕТРОПАВЛ