Мысырдағы қазақстандық әйелдің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтар

Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласындағы әуежайда Қазақстан азаматының қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлік өткізген брифингте хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Өкінішке қарай, оқиғаның толық мәліметін жариялай алмаймыз, себебі бұл мәселе тікелей марқұмның отбасымен реттеліп жатыр. Мысыр тарапы өтемақы төлеуі тиіс болатын. Ал сақтандыру мәселесін біз сақтандыру компаниясымен бірлесе шештік. Сондықтан шетелге шығатын барлық азаматымызға сақтандыру рәсімдеуді ескертеміз, – деді Смадияров.

Оның айтуынша, бұл оқиға Қазақстан тарапынан Мысыр билігімен терең талқыланған. Себебі Мысыр – отандастарымыз жиі баратын туристік бағыттардың бірі.

Айта кетейік, Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнама тақтасы қазақстандықтардың үстіне құлап, бір адам көз жұмды. Көп ұзамай оның кім екенін анықталды.