Астана полициясы вандализм деректерінің видеожазбаларын жариялады. Барлық оқиға қоғамдық орындарда камераға түсіп қалған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана Полиция департаменті мәліметінше, жыл басынан бері елорда полицейлері 300 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кескен. Олардың шамамен 19 мыңы қоғамдық тәртіп пен әдептілікке қарсы жасалған. 1300-ге жуық ұсақ бұзақылық тіркелген.
Бөгде мүлікті қасақана бүлдіргені үшін 107 адам жауапқа тартылып, оның 68-і әкімшілік қамауға алынған. Мысалы, жуырда Сарайшық ауданында 17 жастағы жасөспірім автобустан түскен кезде аялдама павильонының әйнегін теуіп, сындырып кеткен. Құқықбұзушы ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Бұл видеоларды жазғыру үшін емес, ескерту ретінде жариялап отырмыз. Әрбір тұрғын түсінуі керек: қаладағы әрбір метр дерлік бейнебақылау камераларымен қамтылған. Жауапкершіліктен қашып құтылу мүмкін емес", – деді полиция өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!