«Хабар» агенттігі көпшілікке лудомания тақырыбын қозғаған деректі жобаны ұсынады.
Сәби Байбосыновтың авторлық туындысы "Ставка на жизнь" деп аталады. Деректі фильмде қазіргі замандағы ең өткір мәселе — ойынқұмарлық тақырыбы терең қаузалған.
Деректі фильм кейіпкерлердің бастан кешкен шытырман оқиғаларына негізделген. Олар еш жерде бөліспеген сырларын айтады. Көрермен бұл дерттің казино мен букмекерлік кеңселерден асып, смартфон арқылы жастардың күнделікті өміріне еніп кеткеніне көз жеткізеді. "Ставка на жизнь" деректі фильмнің тұсаукесері кеше өтті. Енді 8 маусым күні сағат 21:00-де «Хабар» телеарнасында көрсетіледі.