Алдағы уақытта биткоин алтынды ығыстыруы мүмкін.
Бұл Халықаралық JPMorgan инвестициялық банкінің болжамы.
Мамандар 2025 жылдың аяғында цифрлық валюта алтынға қарағанда көп табыс әкеледі деген пікірде.
2009 жылы осы биткоин алғаш пайда болғанда, оған сенгендер аз еді. Бүгінде оның нарықтық бағасы аспандап тұр. АҚШ Федеральдық резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэллдың өзі биткойнды "алтынның баламасы" деп атады. Оның сөзінше, криптовалютаның бұл түрі долларға емес, алтынға бәсекелес қаржылық құрал.
ЦИТАТА: Джером Пауэлл, АҚШ Федералды резерв жүйесінің төрағасы
Инвесторлар биткоинды төлем құралы ретінде емес, виртуалды, яғни цифрлық алтын ретінде қолданады. Сондықтан ол доллардың орнын басады деген дақпырт әңгіме.
Сарапшылардың биткоинды алтынмен салыстыруының өзіндік себебі бар. Өйткені оның алтын секілді қоры шектеулі. Қазір айналымда небәрі 21 млн биткоин бар. Себебі транзакциялар блокчейн технологиясы арқылы реттеледі. Ең бастысы, бұл цифрлық ақшаға институционалдық инвесторлардың қызығушылығы артып келеді.
ЦИТАТА: JPMorgan инвестициялық банкі
2025 жылдың басында алтын 22% өсті. Бұл рекордтық көрсеткіш. Сол кезде Bitcoin 11% қымбаттады. Ал соңғы үш аптада жағдай өзгерді. Алтын 8,5% арзандаса, цифрлық валюта құны 19% көтерілді. Мұны «нольдік сома ойыны» деп атайды. Яғни бір актив өссе, екіншісі сол шамада төмендейді. Жылдың аяғына дейін бұл ойында Bitcoin басымдыққа ие болуы мүмкін.
Сарапшылардың биткоиннің бағасына қатысты болжамдары таң қаларлық. Мәселен, танымал Standard Chartered банкі 2029 жылға қарай, ол 500 мың долларға дейін көтеріледі деп топшылап отыр. Танымал криптограф Адам Бэктің де болжамы осыған саяды. Ол алдағы 4 жылда биткоин 500 мыңнан 1 млн долларға дейін қымбаттауы мүмкін", дейді. Соңғы үш айда Норвегия, Оңтүстік Кореяның зейнетақы қорлары мен Швейцария, Швеция, Лихтенштейннің Ұлттық банкі биткоинның үлесін арттырған. Сондай-ақ нарыққа Франция мен Сауд Арабиясы алғаш кірді. Бұл виртуалды ақшаның тартымдылығын арттырып отыр. Биткоин расымен алтынның орнын баса ма? Мұны уақыт көрсетеді. Анығы, қазір әлемдік қаржы жүйесі жаңа дәуірге аяқ басқалы отыр.
Зайнұр Байжігіт