Қаңтар-ақпан айларында 21 мыңнан астам адам қайтыс болған

Жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының қазіргі саны, дүниеге келгендер және қайтыс болғандар туралы нақты мәлімет жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Ведомство дерегінше, осы жылдың 1 наурызындағы статистикаға сәйкес, отандастарымыздың саны 20 316 155 адам, әйелдер – 10 388 760-қа жетсе, ерлер саны 9 927 395-ке жеткен.

Қала халқының саны – 12 млн 813 мың 769, ауыл халқы – 7 млн 502 мың 386 адам.

Биылғы қаңтар-ақпан айларында 51 439 сәби өмірге келген және осы аралықта 21 121 адам қайтыс болған.