Мұнда ваучерлік қаржыландыру тетігі сынақтан өткізілді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Тараз балабақшасындағы кезекті қысқарту тәсілін бүкіл өңірлерге қолдануды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру мәселелері бізде өмірлік жағдайлармен байланыстыра отырып қарастырылады. Әрбір жағдайға проактивті цифрлық шешімдер ұсынылды және біз алғашқы нәтижелерді көріп отырмыз. Мысалы, бала дүниеге келген кезде азаматтар енді құжаттарды ресімдеуге, еңбекке жарамсыздық парағын алуға немесе жәрдемақы рәсімдеуге уақыт жұмсамайды", — деді министр Үкімет отырысында.
Жаслан Мәдиев барлығы автоматты түрде смартфон арқылы шешілетінін жеткізді.
"Астана қаласы мен Ақмола облысында жаңа туған нәрестелерге жеке сәйкестендіру нөмірі автоматты түрде тағайындау сынақтан өтті. Сондай-ақ өткен жылы Тараз қаласында балабақшаға қабылдау кезінде ваучерлік қаржыландыру тетігі сынақтан өткізілді. Нәтижесінде кезек 92%-ға қысқарды. Бұл тәсілдерді бүкіл өңірлерге масштабтауды ұсынамыз", — деді ведомство басшысы.