Дональд Трамп үшінші мерзімге президенттік сайлауға түсетінін жоққа шығармады.
Бұл туралы одан Доғал кеңседе тілші сұраған. Ақ үй басшысы үшінші мерзімге сайлауға түсу туралы адамдардың сұрап жатқанын айтты.
«Рейтер» агенттігі: «Трамптың үшінші рет мемлекет басшысы лауазымына таласуы үшін АҚШ Конституциясының президенттікті 2 мерзіммен шектейтін 22-ші түзетуін өзгерту керек», - деп жазған. Сондай-ақ тілші: «Демократтар үшінші мерзімдегі сайлауға Барак Обаманы ұсынса қалай қарар едіңіз?», - деп те сұрады.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Мұндай тартыс жақсы болар еді. Негізі кетәрі емеспін. Өзім бұл туралы мән беріп ойланып көрмеппін. Бірақ көптеген адамдар менен үшінші мерзімге сайлауға түсуді сұрап жатыр. Олар мұның «бір жолы бар» дейді. Алайда өзім бұл мәселені әзірге зерттеп көрген жоқпын.