Мереке күндері шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жабылады

Жаңалықтар

Мереке күндері шекарадағы автомобиль өткізу пункттері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 8 наурыз күні «Халықаралық әйелдер» және 21-23 наурыз аралығы «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын мәлімдеді.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген арнайы хабарламада.