Сәуір айында демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл айда мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан 5 күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады, ал 6 күн жұмыс істейтіндер 4 күн демалады.
Сәуір айындағы демалыс күндері: 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 сәуір.
Сонымен қатар осы айда атап өтуге болатын бірнеше кәсіби мерекелер мен атаулы күндер де бар:
- 6 сәуір – Геологтар күні (сәуірдің бірінші жексенбісі);
- 12 сәуір – Ғылыми қызметкерлер күні;
- 15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні;
- 21 сәуір – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні.