Әскерге барғандарға 21 млн теңге жәрдемақы төленетін болды

Жаңалықтар

Чехияда әскерге жаңа шақырылғандарға 43 мың доллар немесе 21 млн теңгеден астам бірреттік жәрдемақы төленетін болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Idnes басылымы жазған мәліметке сәйкес, ел президенті Пётр Павел кәсіби әскери қызмет туралы заңға түзету енгізу туралы жарлыққа қол қойған.

Осылайша, билік ел әскерінің қатарына қосылғысы келетіндердің санын арттыруға, сондай-ақ оны қазіргі жеке құрамда ұстап қалуға ниетті.

Президент қол қойған түзетулер жаңадан қатарға қосылған кәсіби әскери қызметкерлер үшін бірреттік жәрдемақыны 1 млн кронға (21 млн теңгеден астам) дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әскердегі қызметі үшін оларға басқа да жеңілдіктер ұсынылады, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ өзге жеңілдіктердің қатарында тұрғын үйге төленетін жәрдемақы мен шетелде қызмет етсе берілетін үстемақы бар. Осыған байланысты, Чехия бюджетіне жылына 16 млн доллар шығын келетіні айтылды.