«Сөйлесуге «духым» жетпеді»: Назым Қызайбай Тоқаевпен кездесуі жайлы айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар

Бокстан әлемнің үш дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Наурыз мейрамы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол «Қызық Times» бағдарламасында кездесу жайлы ой бөлісті.

«Наурызға қарсы мерекелік іс-шара өтті. Сол жерге шақырған болатын. Сол жерде президенттің жанында отырдым. Біз үшін бұл үлкен мәртебе ғой. Қуаныштымыз», — дейді ол.

Сонымен қатар, ол президентпен сөйлесуге батылы бармағанын жеткізді.

«Өзім енді сөйлеспеймін ғой, біртүрлі болады ғой. Тыныш, түзу отырасың ғой. Негізгі керемет көңіл күйде болдық. Концерт барысында сөйлесті. Ал енді өзім сөйлесуге «духым» жетпей тұрды ғой. Жарыс қалай өткені, алдағы мақсаттар туралы сұрады. Құттықтады. Әлем чемпионы болғанда интернет желісінде жариялап құттықтады. Керемет сезім», — деді Назым Қызайбай.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Батырдың парақшасы???????? (@batyr_bloger)