Мьянмада зілзала құрбандарының саны екі мыңнан асты

Жаңалықтар

Мьянмада зілзала құрбандарының саны 2 мыңнан асып кетті. 4 мыңдай тұрғын жарақат алды. Тағы 270 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Мьянмада 28 наурызда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бүгін елде 7 күндік аза тұту жарияланды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ мамандар қажетті құрал-жабдық жетпей жатқанын айтады. Жер сілкінісінен біраз жол бүлінген. Жарық жоқ. Бұл да құтқару жұмыстарын тежеп отыр. Әлемдік қауымдастық Мьянмаға көмектесіп жатыр. Бірі ақша бөлсе, енді бірі мамандары мен гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр. Жерасты дүмпуі көрші Таиландта да сезілді. Онда зілзаладан 18 адам опат болды.