Өскеменде оқушылардың сабақты бастау уақыты өзгеріссіз қалды

Жаңалықтар

Әуелгіде екі нұсқа болған.

Кейіннен ата-аналар тарапы дауысқа салып, бұрынғы кесте бойынша оқи беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске салайық, 20 наурыздан бастап Өскеменде мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар жаңа жұмыс кестесіне көшкен еді. Яғни, жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс 12:00 мен 13:30 аралығын қамтиды.

Осы өзгеріске байланысты "мектептерде сабақ нешеден басталады?" деген заңды сауал туындады.

Әлбетте, бұған қоғам пікірі қақ жарылған. Екі нұсқа бар: бірі – 8:00, екіншісі – 7:30.

Осылайша, аталған екі уақыт ата-аналар арасында дауысқа салынды. Кейбір мектептер жаңартылған жұмыс уақытын дұрыс деп тапса, басым көпшілігі қарсы дауыс берген.

– Дауыс беру қорытындысы бойынша ата-аналардың көпшілігі сабақты сағат 8:00-де бастау туралы шешім қабылдады. Сондықтан, төртінші тоқсанда сабақ кестесінде ешқандай өзгеріс болмайды. Өскемендегі барлық мектепте сабақ сағат 8:00-де басталады, – дейді қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дина Шәріпова.