Қазақстанда банк карталарын шығару ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Жаңалықтар

Оған қаржылық қылмыстардың азаймай отырғаны басты себеп.

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 28 наурыздағы қаулысы арқылы банк карточкаларын алу процессіне өзгеріс енгізді. Тиісті қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.

Құжат бойынша, 18-21 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарына төлем карталарын онлайн шығаруға немесе қайта шығаруға тыйым салынады. Жаңа картаны алу үшін олар банк бөлімшесіне баруға тиіс. Бұдан бөлек, банктерге 21 жасқа толмаған жастармен қашықтан іскерлік қарым-қатынас орнатуға тыйым салынады.


Оқи отырыңыз: Қазақстан азаматтарының банк картасына бақылау күшейеді


Енді банктің мобильді қосымшаны пайдалану үшін азаматтар банк идентификаттаған ұялы байланыстың бір абоненттік құрылғысын ғана пайдалана алады.

Құжат жобасы биыл 14 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.