Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі: Аза тұту күні жарияланды

Жаңалықтар

Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен кейін билік табиғи апат құрбандарын еске алу үшін "Аза тұту" күнін жариялады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, зілзала қатты қирауға, адам шығынына және инфрақұрылымның зақымдалуына әкелді.

Риа Новости хабарлағандай, үкімет ел бойынша ұлттық аза тұту күнін жариялап, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындарда ту төмен түсірілді. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, билік тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып жатыр.

Еске сала кетейік, бірқатар мемлекет мен гуманитарлық ұйымдар Мьянмаға қолдау білдіріп, көмек көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.