Қ. Тоқаев Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

Жаңалықтар

Елге ресми сапармен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар келді.

«Ақорда» резиденциясында мәртебелі мейманды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Әрі қарай Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін Президенттер келіссөз залына барды.