Полиция күдіктіні анықтады.
Оңтүстік Корея полициясы ірі орман өртінің шығуына күдікті деп танылған ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елдегі орман өртіне отбасылық зират басында өткізілген рәсім себеп болуы мүмкін. Бұл туралы жергілікті полиция өкіліне сілтеме жасаған Reuters жазды.
Басылымның хабарлауынша, оңтүстік-шығыстағы Ыйсон өңіріндегі өрт 56 жастағы ер адамның әрекетінен болған. Ол 22 наурызда ата-бабалары жерленген отбасылық зират басында діни рәсім жасаған.
Құқық қорғау органдары күдіктіні ұстады. Енді полиция оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады. 56 жастағы ер адам өз кінәсін мойындамады.
Жергілікті билік құрғақ ауа-райы мен күшті жел әсерінен қызыл жалын 48 мың гектардан астам орманды шарпығанын хабарлады. 26 адам қаза тапты. Олардың арасында өртті сөндіру кезінде апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы бар. Апат салдарынан VII ғасырдың ескерткіші – Гоунс ғибадатхана кешені өртеніп кетті. Ғибадатхана қызметкерлері кешенде сақталған ұлттық жәдігерлерді қауіпсіз жерге көшіріп үлгерген.