ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның үйіне қонақ болып, өнерлі жұпқа қымбат сый жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Алтын көршілерім Бүркіт пен Аишаның шаңырағына айттап барып, ата-анасының батасын алып қайттық. Саяттың қоңыр даусымен тіптен жақсы демалдым. Аман болыңдар, көршілерім!”, – деп жазды әнші.
Одан кейін халық әртісі Аишаға қандай сыйлық әкелгенін көрсетті.
“Жақсы көретін кулоным бар еді. Соны өзіңе сыйлағым келеді. Ұлттық нақышта жасалған. Өте әдемі. Менің көзімдей етіп, тағып жүр. Менде мұндай әшекей бұйым көп. Бриллианттардан үй соғамын ба, жақсы көретін адамдарыма таратып жатырмын”, – деп ағынан жарылды халық әртісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)