Зеленский екінші мәрте президент сайлауына түспекші

Жаңалықтар

The Economist Украина президентінің рейтингі өскенін жазды .

Украина басшысы Владимир Зеленский екінші мерзімге президенттік сайлауға түсуге ниетті. Бұл туралы The Economist басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, Украинада сайлау әскери жағдай жойылғаннан кейін биылғы шілдеде өтуі мүмкін.

The Economist Зеленскийдің жоспарына оның АҚШ президенті Дональд Трамппен болған кикілжіңі әсер еткен болуы мүмкін екенін жазады. Дереккөздер басылымға өткен аптада Владимир Зеленскийдің жиын өткізіп, атыс толық аяқталған соң сайлау ұйымдастыруды тапсырғанын мәлімдеген.

Бірінші кезекте елде әскери жағдай мерзімін ұзарту туралы Жоғарғы радада сайлау өтуі мүмкін. Ол 5 мамырдан кешіктірілмей белгіленбек.

The Economist дереккөздері президент сайлауының нақты өтетін мерзімі туралы түрлі дерек айтады. Олардың дені сайлау 2025 жылдың шілдесінде өтуі мүмкін деген нұсқаны алға тартып отыр. Қолданыстағы заң бойынша дауыс беру соғыс біткеннен соң 60 күннен кейін өткізіледі.