Мамырда бірнеше мереке атап өтіледі , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамырдағы мерекелер
- Бейсенбі, 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні; жұма, 2 мамыр — жұмыс күні, ал 3-4 мамыр сенбі-жексенбіге сәйкес келеді. 5-6 мамыр — жұмыс күндері, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 8 мамыр — жұмыс күні, 9 мамыр — Жеңіс күні.
Мереке күндері ауыса ма?
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері 2025 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы бұйрықтың жобасы әзірленіп жатқанын айтқан еді.
"...Министрлік 2025 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы бұйрықтың жобасын әзірлеп жатыр. Ол министрліктің сайтында және ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет порталында талқылау үшін жарияланады", — деп жазылған еді бұған дейінгі хабарламада.
Алайда министрлік демалыс күндерін нақты қалай ауыстыруды жоспарлап отырғаны, демалыс күндер ауысып-ауыспайтыны әлі белгісіз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!