Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен кейін халықаралық қауымдастық елге гуманитарлық көмек пен құтқарушылар жіберіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, Қытай 14 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек жіберетінін мәлімдеп, 37 құтқарушыдан тұратын арнайы топ аттандырған.
Ал Ресей оқиға орнына 30 құтқарушы жіберіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Үндістан да гуманитарлық көмектің алғашқы партиясын жөнелткен.
Оңтүстік Корея зардап шеккендерге 2 миллион доллар бөлмек. Малайзия 50 құтқарушыдан тұратын екі топты көмекке аттандырып жатыр. Сонымен қатар Үндістан, Сингапур және Таиландтан да құтқарушылар көмекке келмекші.
Қазіргі уақытта халықаралық құтқару топтары Мьянмада жер сілкінісінің салдарын жою, үйінділер астында қалғандарды іздеу және гуманитарлық көмек тарату жұмыстарын жалғастырып жатыр.