Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда ( Иордания ) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті.