Елордада төрт автобус бағыты уақытша өзгерді

Жаңалықтар

Астанада №1, 6, 11 және 85 автобус маршруттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы 30 наурыз күні CTS компаниясы мәлімдеді.

Астанада №1, 6, 11, 85 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, — делінген мәліметте.

City Transportation Systems (CTS) компаниясы бұл өзгерістер жөндеу аяқталғанға дейін күшінде болатынын хабарлап, жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.