Соңғы жер сілкінісінен кейін жаңа қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Жексенбі күні таңертең тағы да Мьянмадағы Мандалай маңында магнитудасы 5,1 балдық жер сілкінісі болды. Жергілікті халық әбден үрейленіп қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл жұма күнгі 7,7 баллдық жер сілкінісінен 1644 адам қаза тауып, 2376 адам жараланып, 3408 адам із-түзсіз жоғалып кеткеннен кейін құтқарушылар Мьянманың ең қатты зардап шеккен аудандарында іздеу жұмыстарын жалғастырған кезде келді.
Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, Мандалайдың 1,5 миллион тұрғындарының көпшілігі көшелерде ұйықтап жүр. Себебі көбісі қорқып қалса, енді бірі баспанасыз қалған.