Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия президенттері бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі.

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға қос тарап әрдайым дайын екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты қолдаудың өзектілігі айтылды.

Бұдан бөлек, президенттер көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңызды екеніне тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің кестесін талқылады.