Өскеменді тағы да түтін басты

Жаңалықтар

Қаланың экологиялық мәселесі қашан шешіледі ?

Өскеменді тағы да түтін тұмшалады. Қалада жел соқпаған күндері осындай жағдай жиі қайталанады. Түтін осымен бесінші күн қатарынан шөгіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаладағы бұндай келеңсіздік жыл сайын жиілеп барады. Тұрғындар да денсаулықтарына алаңдаушылық білдіріп жатыр.

Қалада тұрғындарға көшеде көп жүрмей, үйде отыруға, терезелерді ашпауға кеңес берілуде.

– 30 наурыз сағат 20.00-ден бастап, 31 наурыз сағат 20.00-ге дейін Өскеменде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, – делінген "Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратта.