"Мынау кемпір ме, әлде қыз ба?": Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынға алды

Жаңалықтар

Танымал дәстүрлі әнші, жыршы Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында хиджаб пен ұлттық киімге қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Хиджабтың үстінен тақия киіп, тақиямызды қор қылмаңдар. Қазақта қыз – тақия, әйел – орамал, кемпір – кимешек киген. Сендердің хиджабтарыңның үстінен тақия кигенді көрген ана ғасырдың адамы «мынау кемпір ме, әлде қыз ба?» деп таң қалар. Я – кемпір бол, я – қыз бол», — деді ол.

Оның сөзінше, осылай киінетіндер қазақтың қыздарының киімін қор қылып жүр.

«Бұл әрекеттер салт-дәстүрді білетін қазаққа ерсі болып көрінеді», – деп жазды әнші.