Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының жетекшісі Михаил Шайдоров Бостонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Шайдоров Миландағы олимпиадада Қазақстанның атынан ресми түрде өнер көрсетеді.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға жайғасты. Ал еркін бағдарламада192,70 ұпай алды. Жалпы есепте 287,47 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.
Америкалық Илья Малинин 318,56 ұпаймен қатарынан екінші рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Жапондық Юма Кагияма 278,19 көрсеткішпен үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, Шайдоров ересектер арасындағы әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетті. Оған қоса, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде еншілеген. Ал 2025 жылы Азия ойындарында үшінші орын алды. Сонымен қатар Төрт құрлық чемпионатында алтын жеңіп алды.
Мәнерлеп сырғанаушы 2026 жылы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады.