Эстонияда Тоғызқұмалақтан турнир өтті

Жаңалықтар

Еуропада Тоғызқұмалаққа қызығушылық күннен-күнге артып келеді. Латвия, Литвадан кейін енді Эстония да Тоғызқұмалақ федерациясын құруға ниетті.

Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы еліміздің Эстониядағы елшілігімен бірігіп Наурызды тойлау аясында Таллин қаласында ұлттық ойыннан жарыс ұйымдастырды. Сайысқа Эстониядағы шет мемлекеттердің елшілері мен дипломаттары қатысты.

Тұңғыш ұйымдастырылған турнирге 30-дан астам шет мемлекеттің Эстониядағы елшілері мен дипломаттары жиналды. Зияткерлік ойынның ережесін түсіндіріп, шеберлік сабағын өткізуге Тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Серік Ақтаев Астанадан арнайы барды.

❗️

Төрт мың жылдық тарихы бар Тоғызқұмалақ ойыншының ойлау, есте сақтау қабілетін арттырады. Зерттеушілер «Ойшылдар ойыны» деп бекер айтпаған.