Кіл мықтылар жиналған бәсеке тартысты өтті.
Ризабек Айтмұхан Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен күміс жүлдегер атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен белдескен отандасымыз қарсыласын тізе бүктіріп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ризабек Айтмұхан финалда жапониялық Араш Ёшидамен кездесті. Өкінішке қарай Жапон спортшысы қазақстандақы спортшыдан айласын асырып, бәсі басым түсті.
Осылайша қазақстандық балуан қарсыласына 1:7 есебімен жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты.