Батыс Қазақстанда тағы бір ұшқышсыз ұшатын аппараттың құлағаны рас па

Жаңалықтар

Оқиға 27 наурыз күні кешкісін болған .

Ұшқышсыз ұшатын аппараттың бөлшектеріне ұқсас заттар бұл жолы Көктерек ауылдық округі аумағында табылған. Полиция тексеру шараларын жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Нысан елді мекеннен алыс аумақтан табылған. Қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде, – дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұшқышсыз ұшатын аппарат бөлшектері Саралжын (Киров) елді мекенінен 10 шақырымдай қашықтықта түскен көрінеді. Бұл туралы жергілікті тұрғындар айтты. Бұдан бұрын осындай оқиғалар Бөкей ордасы ауданы Ұялы, Тасқала ауданы Атамекен және Жәнібек ауданы Ұзынкөл, Қамысты ауылдары маңында болған еді.