Жоба аясында тағы қандай жұмыстар жоспарланып отыр?
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Синьцзян сауда-логистикалық тобының төрағасы Шэнь Цзиньшэньмен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Келіссөз барысында тараптар Алатау қаласы Жетіген ауданында "Қытай–Қазақстан халықаралық сауда-логистикалық орталығын" іске асыру мәселесін қарастырды.
Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және көлік байланыстарын дамытуға бағытталған. Оның аясында теміржол және мультимодальды инфрақұрылым, сондай-ақ қойма кешендерін салу жоспарланып отыр.
Тараптар серіктестік шарттарын одан әрі пысықтау жөнінде келісті. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар мен компания өкілдері арасында қосымша келіссөздер өтеді.