Аталған дерекке байланысты іс құжаттары жинақталып жатыр.
Бұл туралы Telegram арнасының бірінде видео тарады. Видеода әйелдің Атырау қаласындағы Махамбет көшесінде жүріп бара жатқан көліктің соңынан жүгіргені түсірілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 5 наурызда болған.
– Полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасаған әйелдің жеке басын анықтады. Ол 59 жаста. Оның жүйке жүйесі ауруларымен есепте тұрғаны анықталды. Науқас әйелдің жауапты күтушісіне түсіндіру жұмысы жүргізілді. Аталған дерекке байланысты іс құжаттары жинақталып жатыр. Іс құжаттары тиісті жергілікті атқарушы органдарға шарасын алу үшін жолданады, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.