Қазіргі уақытта ұңғыма аумағы қоршалған.
"Ембімұнайгаз" Ақ баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 6 наурызда Жылыой ауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңындағы №37 ұңғымада перфорациядан кейін сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ атқылады. Соның салдарынан сораптық-компрессорлық құбыр істен шықты", — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Кен орнындағы оқиғадан мұнайшылар зардап шекпеген.
"Ембімұнайгаз" АҚ-да жедел штабы құрылып, шұғыл шараларды жүргізуді қолға алды. Кен орнындағы ұңғыманың аумағы қоршалды. Ақауды қалыпқа келтіру жұмыстары басталд, — деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.
Оқиға орнында "Ақ Берен", "Семсер Өрт сөндіруші", "СОП Атырау" ЖШС мамандары жұмыс істеп жатыр.