Қазақстанда киіктердің жалпы саны – 4,1 миллион бас.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі киіктердің қырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Желіде қыс мезгілінде Қарағанды және Ұлытау облыстарында киік ұшалары бейнеленген жазба таралып жатыр.
Министрліктің ақпаратынша, мұндай жағдай бірқатар басқа аймақтарда да тіркелген.
"Көбінесе Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының табиғи мекендеу орындарында табылды.
Киіктің биологиясын ескерсек, бұл табиғи жағдаймен байланысты. Өңірлерде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бекітілген алгоритмдерібар, жұмыс жедел штабтар арқылы жүзеге асырылады.
Алгоритм аясында ұшалар ветеринариялық заңнамаға сәйкес жойылады", — делінген хабарламада.
Мұны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері әкімдіктермен, ветеринариялық қызметпен, полиция жәнеТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізеді. Аталған жұмыстарға барлығы 150-ден астамадам, 51 бірлік техника жұмылдырылды.
Жыл басынан бері 5,2 мыңнан астам өлексе жойылды.
"Қалыпты жағдайда киіктердің жыл сайынғы табиғи өлімі жалпы санның шамамен 20% құрайды, ал аталықтарының 50%-ы өлуімүмкін. Киік – өмір сүру уақыты қысқа, көбеюі жылдам дала жануары. Қатал қыста киік саны 40-50%-ға дейін азаюы мүмкін, әсіресе қыстың алдында көктемгі-жазғы құрғақшылық орын алған жағдайда. Қыс мезгілінде қардың қалың түсуіне, азық қорының азаюына байланысты жануарлар денесіндегі май қорын жоғалтады. Қазақстанның шөлді және жартылай шөлді аумақтарында мұндай табиғи құбылыстар жиі байқалады, сәйкесінше бұл кейбір әлсіреген киіктердің өліміне әкеледі", — деді Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі А.Грачев.
Қазақстанда киіктердің жалпы саны – 4,1 миллион бас.
Айта кету керек, осыған дейін биыл қыста Ұлытау облысында 3 мыңға жуық киік қырылғанын жазғанбыз.