0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Мысырдың Хургада қаласының Қызыл теңіз жағалауында туристерге арналған су асты кемесі апатқа ұшырады. 6 адам қаза тапқан. Марқұмдардың барлығы ресейліктер. 39 адам құтқарылған. Ресей азаматтарымен бірге құрдымға кеткен сүңгуір қайықта Үндістан, Норвегия, Швеция және Мысыр азаматтары болған. «Синбад» компаниясына тиесілі батискаф жағалаудан 1 шақырым қашықтықта аударылған. Апат себептері анықталып жатыр.
Арай Төлегенқызы