Шұғыл! Еліміздің екі бірдей өңірінде жарылыс болды (ВИДЕО)

Жаңалықтар

Жаңаөзен мен Атырауда төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау қаласына қарасты “ЕмбіМұнайГаз” кен орнында газ шығып, өрт болды. 6 наурызда “Батыс Прорва” кен орнында №437 ұңғымасында газ атқылады. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шыққан.

Компанияның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, жағдай бақылауда. Оқиға орны қоршауға алынды, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы қызметтер апаттың салдарын жоюға жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, желіде Жаңаөзен мешітінде жарылыс болды деген видео тарады. Полицияның айтуынша, мешіттің жанындағы ғимарат өртенген. От кілемге тиген, 2013 жылы туған бала күйіп қалып, ауруханаға түсті.