2024 жылы еліміздегі жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 4,3 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .
Отандық өндірушілердің шамамен үлесі – 6%. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков хабарлады.
Салада 28 мың адам жұмыс істейді, оның 60%-ы әйелдер. Бұл көрсеткіш мемлекетте жоғары әлеуметтік рөл атқарады, — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның мәліметінше, былтыр жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 212 млрд теңгені құрады. Соңғы 3 жылда жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 2,5 есе өсті. Салаға салынған инвестициялар көлемі 12,4 млрд теңгені құрады.