Жамбыл облысында жер сілкінген сәт видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ жер асты дүмпуін 28 наурызда Астана уақытымен сағат 03:42-де тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
Әлеуметтік желілерде жер сілкінісінің видеосы жарияланды. Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі ең қатты сезілген жер — Жамбыл облысындағы Меркі ауылы. Тұрғындар жер сілкінісі болған сәтті түсіріп алған.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісі былай сезілгені хабарланды:
Есеп бойынша қарқыны:
- Меркеде 5.0 б.;
- Құланда 4.0 б.;
- Шуда 2.0 б.;
- Төле биде 2.0 б.;
- Сарыкемерде 2.0 б.;
- Таразда 2.0 б.;
- Қордайда 2.0 б.;
- Асада 2.0 б.;
- Мойынқұмда 2.0 б.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!