Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

Жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтіп жатыр.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы "Толқын орта мектебі" коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі үздік нәтижеге қол жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қуандық Санжар Ғалымжанұлы ҰБТ-да ең жоғары 140 балды жинады.

"Толқын орта мектебінің" ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.