Италияда туристік автобус өзенге құлап кетті

Жаңалықтар

Автобустың жүргізушісі мерт болды.

Турин қаласының Пьяцца Витторио Венето маңында туристік автобус По өзеніне құлап, жартылай суға батып қалды. Көлік қоршауды бұзып, өзенге құлады, деп жазады inbusiness.kz сайты La Repubblica басылымына сілтеме жасап.

Автобуста тек жүргізуші ғана болған, ол ес-түссіз күйде құтқарылып, дәрігерлердің көмегіне қарамастан қайтыс болды. Оқиға орнына құтқарушылар тікұшақпен келген. Жол апаты кезінде басқа жолаушылар немесе жаяу жүргіншілер зардап шеккен болуы мүмкін деген болжам бойынша іздеу жұмыстары жүргізілді, бірақ ешкім табылмады.

Оқыс оқиға қаланың тарихи орталығына жақын орналасқан Мурацци ауданында болды. Кампобассодағы Di Carlo Tour жеке компаниясына тиесілі автобус кері бағытта келе жатып апатқа ұшыраған. Жүргізуші 63 жастағы Никола Ди Карлоның басқа бағытпен жүріп кетуі немесе өзін нашар сезінуі мүмкін деген болжам бар. Қозғалыс кезінде автобус үш әйелді қағып кеткен, бірақ олар ауыр жарақат алмаған. Жәбірленгендер жағдайы бақылауда болу үшін ауруханаға жеткізілді.

Қызметтік тергеу басталып, қазір бұл іспен Турин қалалық полициясы айналысуда. Өрт сөндірушілер автобусты судан шығарғаннан кейін ол тәркіленіп, техникалық сараптама басталады. Алдымен тежеу жүйесі тексеріледі, одан кейін жүргізушінің өлім себебі анықталады.