Спорттағы былықтың біразын Бас прокуратура анықтады.
Қазақстан футболында бұрыңғы федерация басшылығы 3 миллирад теңгені негізсіз жұмсаған. Атап айтқанда, 300 млн теңгеден астам қаражат спортшы мен қызметкерге сыйақы ретінде себепсіз төленген. 350 млн теңге әкімшілік ғимарат пен Талғардағы база құрылысына іс жүзінде орындалмаған жұмысқа жұмсалған.
Алматы облысындағы спорт база құрылысы 2021 жылдан бері тоқтап тұр, мердігердің шоттары бұғатталған. «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Жетісу» клубтарында келісімшарт сомасын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағада сату, жоғары бағада сатып алу фактілері анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр.