Францияның қорғаныс министрі Себастьен Лекорню елдің Украинаға барлау ақпаратын беруді жалғастыратынын мәлімдеді.
Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Киевпен барлау мәліметтерімен алмасуын тоқтатқанын жариялағаннан кейін бір күн өткен соң жасалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
— Бізде украиналықтарға көмектесу үшін қолданатын барлау ресурсы бар. АҚШ бұл процесті тоқтатты. Ал британдық әріптестеріміз үшін жағдай күрделірек болуы мүмкін, — деді Лекорню France Inter радиосына берген сұхбатында.
Франция қорғаныс министрі сондай-ақ елдің ядролық арсеналының тәуелсіздігі мен сенімділігін атап өтті. Оның айтуынша, Франция өзінің қырғи-қабақ соғыс кезінен бері дамып келе жатқан ядролық әлеуетіне сүйенеді және оны қажетті деңгейде ұстап отыр.
АҚШ-тың Киевке барлау және әскери көмекті тоқтатуына Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы Сопақ кеңседегі шиеленіскен пікір алмасу себеп болғаны айтылды.