Павлодарда кісі өлтірген күдікті Ресейде ұсталды

Жаңалықтар

Ол бизнес серіктесін мертіктірген.

Павлодарда бизнес серіктесін өлтіргені үшін іздеу салынған күдікті Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқиға биыл ақпан айында болған. Көз жұмған кәсіпкердің мәйіті Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан табылған.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын-ала тергеу басталды.

Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау шараларын қабылдап жатыр.

Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.