Telegram-арнада мектеп оқушыларының порнографиялық парақшасы анықталды

Жаңалықтар

Сайтта барлығы 8 012 жазылушы тіркелген.

Түркістан облысының прокуратурасы Telegram әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото/бейне материалдарды көруге арналған ақылы арнаны тапты, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қаулы шығару арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Осылайша, тексеру барысында Telegram желісінде 2 500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды.

"Сайтта барлығы 8 012 жазылушы тіркелген. Желі аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары. Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды. 14 наурыз күні облыс прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен аталған топ мүшелері Түркістан және Қызылорда облыстарында ұсталды. Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жер сілкінді


Аталған фактілер бойынша ҚК 311-бабы және 312-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Бұдан бөлек, прокуратураның нұсқауымен Telegram желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды.

Құқыққа қайшы ниет расталған жағдайда мұндай адамдарды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алатын болады.