IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеу иегері Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні жекпе-жек өткізеді , деп жазады Egemen.kz.
Кәсіби бокс кеші Астанадағы Барыс аренада өтеді. Отандасымыз қазір өзіне тиесілі белбеулерді франциялық Анауэль Нгамиссенгуге қарсы қорғайды. Жәнібек Әлімханұлы - Анауэль Нгамиссенгу жекпе-жегін «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Осы бокс кешінде Сұлтан Зауырбек- Азинга Фузиле, Батыр Жүкембаев — Кейн Гарднер, Балауса Мұздиман мен Розалинда Родригес, Баходир Жалолов — Игорь Шевадзуцкий жұдырықтасады.
Сонымен қатар ағайынды Сабырхандар да осы кеште бақ сынайды.